12 жел, 2019 сағат 10:04

40 қазақстандық шетелдік террористік ұйымдарда жүр - ҰҚК

Бүгінгі күнге дейін 40 қазақстандық содыр мен олардың 65 әйелі шет елдің бірқатар террористік ұйымдарында жүр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан үшін потенциалды террористік қауіп-қатер сақталуда.

Елімізде террористік қызметке қатысы болғаны үшін іздеуде жүрген 31 шетелдік азаматтары ұсталды және белгіленген тәртіпте басқа мемлекеттерге берілді.

Бүгінгі күнге дейін 40 қазақстандық содыр, олардың 65 әйелі мен басқа да отбасы мүшелері шет елдің бірқатар террористік ұйымда жүр.

3 террористік актіні жасауға ұмтылыстарының бастапқы кезеңінде жолы кесілді. Террористік акті Алматы және Қарағанды облыстарының радикалдық тұлғаларымен дайындалды. Террористік актіні дайындауға қатысы бар тұлғалар 6 жылдан 18 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.

Еліміздің әр түрлі аймақтарында 7 радикалдық топтың және 34 жеке тұлғалардың қылмыстық әрекеттері бейтараптандырылды.

Терроризм және діни экстремизммен байланысты қылмыстары үшін барлығы 140 адам сотталды.

Құқыққа қайшы келетін әрекетке жол бермеуге қатысты қылмыстық іс жүргізу шаралары тек қана сенімін өзгертуге берілмеген тұлғаларға ғана қатысты қолданылады.

Интернеттің веб-ресурсында 14,5 мыңнан астам террористік контент сілтемелері айқындалды. Оларды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетсек, террористік актілерді алдын алу мақсатында жыл сайын терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабатарымен 400-ден аса оқу-жаттығу іс-шара өтеді.