#
#
Сенбі 21/07/2018

337 миллион теңгеге салынған Қызылорданың символы дәрет сындыратын орынға айналған

  • 13.04.2018
  • 0
  • 1968

Сырдарияның жағасынан бой көтерген тарихи монумент алты жылдан бері қор боп тұр. Қызылорданың атын шығарамыз деп бақандай 337 миллион теңгеге 40 метр етіп ескерткіш салдырған шенеуніктер ол ойын ақыры пайдаға асыра алмай стелланы жауып тыныпты. Екі ортада ешкімге қажеті болмай қалған қала символы ұзақ жылдар бойы қаңырап, дәрет сындыратын орынға айналған. Бұл туралы КТК хабарлады.

Монумент қызылордалық шенеуніктердің Сыр өлкесіне тартқан сыйы екен. "Сыр-Ана" атты тарихи монумент. Сәукеле киіп, бұралып тұрған ару - қазақ қызының сұлулығын паш етікен. Ал шашағы жайқалған күріш сабағындай өңірдің нағыз ерекшелігін көрсеткен. Десе де, өңірдің басты символына айналуы тиіс стелланың заты атына сай болмай тұр.

"Оған адамдар онша бара қоймайды. Жабық тұрады. Қараусыз қалған", - дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Айдана Көшербаева.

Ескерткіш осыдан алты жыл бұрын дүркіреп ашылған екен. Мұндай монументке қуанған сол кездегі өңір әкімі Болатбек Қуандықов Қайрат Нұртас, Мадина Садуақасова сынды әйгілі эстрада жұлдыздарын арнайы шақыртып, үлкен концерт те өткізген-ді. Алайда, ол ақша да ауаға шашылған болып шықты. Өйткені, той тараған соң монумент те жайына қалған.

Тұрғынүй коммуналдық шаруашылық және тұрғынүй инспекциясы бөлімі бастығының орынбасары Біржан Далабаев монументтің іші әжетханаға айналғанын айтып отыр.

"Оның ішін дәретханаға айналдырғаны рас. Барып өздерінің қалдықтарын, қоқыстарын тастап кетеді. Терезесін талай сындырып кеткен фактілер де болды. Одан кейін оның бәрі қалпына келтіріліп, басына күзетші орналастырылған. Бірақ енді бүгінгі күнге алдағы уақытта жаз айлары басталып келе жатыр. Осы көктемде бір тазалау жұмыстары жүргізіледі содан кейін ашылады", - деді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар