28 қар, 2017 сағат 10:57

251 қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия 251 қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ-ға сілтеме жасап.

2017 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 600 стипендия бөлінген. Республикалық комиссияның екі отырысының қорытындылары бойынша соның 251-і өз иесін тапты.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға ағымдағы жылдың 29 мамырынан 16 қарашасына дейін құжат қабылданды. Стипендия тағайындау жөніндегі конкурс 5 маусымда басталып, 20 желтоқсанға дейін өткізіледі.

Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі Республикалық комиссияның «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендиялар тағайындауға арналған келесі отырысы желтоқсанның басында өтеді.