20 нау, 2020 сағат 12:57

24/7: Коронавирусқа байланысты Ұлттық сараптама орталығы үзіліссіз істейді

Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық сараптама орталығының төтенше жағдай кезіндегі жұмысы жайлы видеоролик жариялады. Лаборатория мамандары қазір тәулік бойы жұмыс істеуді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Орталықтың дәрігерлері тұмау және тұмауға ұқсас ауруларға зерттеу жүргізіп жатыр. Дәл осы жерде коронавирус инфекциясының РНҚ-сын анықтау жұмыстары атқарылады. Жалпы коронавирус – РНҚ-сы (рибонуклеин қышқылы) бар вирус, ол тұмау инфекциясына жатпайды. Біз мұрын және ауыз қуысынан жұғынды алып, тексереміз. Себебі ол вирус жоғары тыныс алу жолдары арқылы ағзаға енеді», - дейді Ұлттық сараптама орталығы вирусология лабораториясының меңгерушісі Айнаш Мақышева.

Бүгінде зертхана коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалға байланысты тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 

«Лабораторияға анализ түскен бетте 6-7 сағаттың ішінде қорытындысы дайын болады», - дейді ол.