04 қаң, 2019 сағат 13:29

24 жастағы бойжеткен төрт күннен бері табылмай жатыр - Қостанай

Қостанай облысында 24 жастағы бойжеткен жоғалып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қостанай қаласы полиция басқармасының оңтүстік бөлімінің қызметкерлері із-түссіз жоғалған қала тұрғыны Тритенкова Александра Андреевнаға іздеу салады. Ол 1994 жылы туған. 2019 жылдың 1 қаңтарында сағат 10.00 шамасында үйден шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Полиция департаменті бойжеткенге қатысты мәліметтерді жариялады: Бойы - 155-160 см, арық денелі. Үстіне жалбағайлы қара куртка, аяғына қара түсті ұзын қонышты аяқ киім киген. 

Полиция бойжеткенді көрген-білген жандардан 8-702-492-99-92, 8-747-655-21-63, 52-68-61, 52-68-50 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұрап отыр.