20 нау, 2017 сағат 09:15

2050 жылға дейін Дүниежүзілік мұхитта бірде-бір балық қалмайды

Аулау қарқыны қазіргі кезеңдегідей тоқтаусыз жалғаса берсе, 2050 жылға дейін Дүниежүзілік мұхитта бірде-бір балық қалмауы мүмкін.

БҰҰ ауыл шаруашылық және азық-түлік ұйымының (FAO) деректеріне сәйкес, теңіз балық аулау кәсіпшілігінің 90 пайызы меңгерілген. Оның алпыс пайызы белсенді қолданылып жатса, қор мен тағы 30 пайызы сарқылуға таяу.

Бірақ мәселе мұнымен аяқталмайды, егер адамдар бұл ісін жалғастыра берсе, 30 жылдан кейін бірде-бір балық қалмауы мүмкін.

БҰҰ орташа болжамы бойынша, 2050 жылға қарай Жер халқының саны үштен бір бөлікке - 9 миллиард адамға дейін артады және азық-түлік жетіспейтін болады.  Қазір ауыл шаруашылығы қажеттілігіне жердің 50 пайызы пайдаланылуда және өсімдіктер белсенді өсуі мүмкін. Жерді шамадан тыс пайдаланғаннан топырақтар құнарсыздана бастайды. Оған қоса, тыңайтқыштардың көптігінен беткі сулар (көлдер, өзендер, батпақтар) ластанады. Ал азық-түлікті өндіру және тасымалдау климаттың өзгеруіне әкеп соғатын барлық антропогендік парниктік газ қалдықтарының 30 пайызын құрайды.

Әлемнің түрлі елдерінде WWF ұйымдастыратын биылғы жер сағаты адамзаттың табиғатқа жауапты қарау тақырыбына арналады. Ол 25 наурыз күні 20:30-да басталады. Ұйым ғаламшар болашағына бей-жай қарамайтын қатысушыларды 1 сағатқа жарықты, тұрмыстық электр құрылғыларын сөндіруге шақырады.