21 қар, 2019 сағат 10:25

2050-Даму стратегиясы: Алматы қалай түрленеді?

Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғам талқысына ұсынған Даму стратегиясында 7 басым бағыт айқындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2050 жылға дейінгі стратегияда 7 салаға басымдық берілді:

1. Шекарасыз қала

2. «Ақылды» қала.

3. Тең мүмкіндіктер қаласы.

4. Қауіпсіз қала.

5. Жасыл қала.

6. Жаһандық іскерлік орталық.

7. Мәдени қала.

Құжатқа сәйкес, Алматы әлеуметтік, ділдік және физикалық кедергілерсіз қалаға айналуы тиіс. Шаһарда бақуатты «жоғарғы жақ», дамымаған өндірістік «төменгі жақ», дамымаған шеткі аймақтар ұғымы болмауы керек. Қаланың әр бұрышы орталыққа айналады. Ұзақмерзімді перспективада қаланың шеткі аудандары мен төменгі жақтарында полицентризм қағидасы 6 аймақта жасалады.

2050 жылға таман Алматы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы, smart тәжірибені барлық жерге енгізген қала болады.

Мұнда қылмыс көрсеткішін әрі төтенше жағдайлардың болу ықтималдығын төмендету жоспарланып отыр.

Мегаполис Жаңа Жібек жолындағы халықаралық сауда және қаржы орталығына айналады.

Қаланың экологиялық ахуалы түзеліп, басты өзендер арасында экологиялық дәліздер сияқты бірегей жобалар жүзеге асады.

Толық мәтінмен мына жерде танысуға болады.