20 қаз, 2017 сағат 13:00

2026 жылғы қысқы Олимпиада Алматы қаласында өтуі мүмкін

Халықаралық Олимпиада Комитеті осы уақытқа дейін қолдап келген Аустрияның Инсбрук қаласы ақ ойындарды қабылдаудан бас тартты. Нақтырақ айтқанда, бұл үлкен спорттық шараның өтуіне жергілікті халық қарсы болған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Қазір Халықаралық Олимпиада Комитеті тығырыққа тіреліп отыр. Себебі ақ ойындарды өткізуге ниетті басқа қалалар деңгейі сәл төмендеу. Екі жылдан кейін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары қайда өтетіні белгілі болады. Ал әзірге ұсыныс тастаған қалалар саны бесеу ғана: Алматы, Лиллехаммер, Калгари, Сьон, Солт-Лейк-Сити.

Спорт мамандарының айтуы бойынша аталған қалалар арасында Солт-Лейк-Сити мен Алматы ғана негізгі талаптарға сәйкес келеді. Бірақ олардың да өз кемшіліктері бар. Егер Қазақстанда өтетін болса, ақ ойындар түгелімен Азия құрлығында өткендей болады. Өйткені 2018 жыл Корея және 2022 жыл Қытай мемелекттеріне тиісті. Сондықтан ақ ойындарың бір құрлықта өте бергені дұрыс емес.

Ал Солт-Лейк-Ситидің ойындарды өткізуден бас тарту фактісі өте көп. Себебі екі жылдан кейін Лос-Анджелесте жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Екі жыл аралығында қос ойындарды қабылдау АҚШ еліне ауырға түсуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 және 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының кандидаттары анықталған кезде бар болғаны Париж бен Лос-Анджелес қалалары қалған болатын. Екі жыл аралығында жоғарыда аталған бес қаланың саны азаятыны сөзсіз. Тіпті бұл бес қалада Олимпиада ойындарын өткізуден бас тартатын болса, Халықаралық Олимпиада Комитеті шынымен тығырыққа тірелетіні анық.