19 нау, 2018 сағат 14:12

2018 жылы қандай смартфон сатып алуға болады?

Mobile World Congress 2018 жылы Барселонада әлемдік өндірушілер осы жылы жұрттың назарын аударған бірқатар смартфонды ұсынды. Олардың ішінде Samsung Galaxy S9 және S9+ бар. Біз сіздерге осы ең үздік жаңа телефондар туралы және оларды Kcell/Activдүкендерінен бөліп төлеу арқылы қалай сатып алуға болатынын әңгімелейміз.

Samsung Galaxy S9 және S9+ жаңадан шыққан телефондарының сыртқы көрінісі алдыңғы жиексіз Galaxy S8 сериясына ұқсайды. Бірақ оның толықтырылуы Samsung өнімдерінің жанкүйерлерін ғанаемес, басқа пайдаланушыларды да шет қалдырмайды. Samsung Galaxy S9 және S9+ үш артықшылығы: камерасы, қауіпсіздігі және дыбысы.

Егер сіз осы флагманды сатып алғыңыз келсе, онда оны Kcell/Activ ресми дүкендерінен ұялы байланыс қызметі пакетімен бөліп төлеу арқылы сатып алуыңызға болады. Осы смартфондардыңмүмкіндіктерімен таныс емес адамдар үшін ол туралы төменде әңгімелейміз.

Адам көзіне ұқсайтын камера:

 Адам көзі тарылып және кеңейе отырып, жарық пен қараңғылыққа жылдам бейімделеді. Бұлсмартфон камерасының диафрагмасының да дәл осылай қабілеті бар, суретке аса жарықтажәне жарық жеткіліксіз болғанда өздігінен реттеп түсіреді. Күңгірт жарықта суреттер айқын,ал жарық сәуледе көп бояулы болып түсіреді.

 Басқа смартфондардағы камералардың көбі өте баяу түсіру режимінде секундына 240кадрды, ал Galaxy S9 камерасы секундына 960 кадрды қамтиды. Бұндай видео өте баяурежимде әдеттегіден 32 есе баяу болады. Тіпті тез өтетін сәттер де ұзақ сақталып қалады.

 Селфимоджи, өзіндік виртуалды көшірме, қарым-қатынасты басқа деңгейге көтереді.Селфимоджи иесінің бет-әлпетінің 100 параметрін жазып алады, бет қимылын, қимыл-қозғалысын және дауысын қайталайды. Сіздің жеке селфимоджиіңіз – бұл сіз, бірақвиртуалды.

Сізге лайықты қауіпсіздік:

 Көздің сыртқы мөлдір қабығы, саусақ ізі, бетті тану арқылы смартфонның құлпын ашу сіз туралы деректерді қорғайды және оған жылдам қол жеткізуге тек сізге мүмкіндік береді. Стандартты қауіпсіздік функциялары - сурет, пароль, пин-коды бұрынғыдай қалды.

 Ыңғайлылығы – адам жүзін тануы, қараңғыда көздің сыртқы мөлдір қабығы арқылы құлыпты ашу бір уақытта орындалады.

 Galaxy S9 және S9+ құлыптан босату үшін бір саусақ ізін қолдануға және басқа қорғалған қалтаға кіруге болатын функция алғаш рет пайда болды.

Дыбысы кинотеатрдағыдай

 Samsung жаңа өнімінде AKG аудитотехника өндірушінің стереодинамикасын пайдаланды.Динамиктер екі жағында орналасқан және Dolby Atmos технологиясын қолдайды. Музыкатыңдағаныңызда да, фильм көргеніңізде үш өлшемді ауқымды дыбыс жан-жақтан естіліптұрады.

Екі модельдің бір-бірінен айырмашылығы дисплейлерінің өлшемінде, батареяларының, оперативтікжадының сыйымдылығында, «плюс» нұсқасында қосымша камера модулі бар. Басқа мәліметтер Samsung ресми сайтта сипатталған.

Galaxy S9-дың толық бағасы - 339 990 теңге, Galaxy S9 + 379 990 теңге. Егер сізге толық бағасыменсатып алу ыңғайсыз болса, онда Kcell мен Activ-тегі келісімшарт ұсыныстарын қарауға кеңес береміз.

Kcell абоненттері үшін Samsung GalaxyS9 екі жыл мерзімге бөліп төлеуге алынғанда алдын алатөлемсіз ай сайын 16.490 теңгеден болады, бұған ай сайын байланыс қызметіне шектеусізқоңыраулар, Kcell/Activ желісі ішінде 1000 SMS, 9 Гб мобильді Интернет, 150 минут ҚР басқа ұялыбайланыс операторларына қоңырау шалу енеді.

Activ абоненттері Samsung GalaxyS9+ телефонын жоғарыда сипатталған шарттармен екі жылға 18220 теңге көлемінде ай сайынғы төлеммен ресімдеуіне болады, оның интернет ауқымы үлкен - 20Гбайт, күндіз және түнге бөлінген.

Бір жылға және бір жарым жыл мерзімге бөліп төлеу нұсқалары бар. Алдын-ала төлем және айсайынғы төлем сомасы ресімдеу мерзіміне және қажет байланыс қызметтеріне байланысты өзгереді.