04 қаң, 2017 сағат 18:55

2016 жылы Қазақстанның экспорттық тауарларының құны көтерілді

- 2016 жылы Қазақстанның экспорттық тауарларының құны көтерілді. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" еліміздің Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылы өндіруші кәсіпорындар бағасы өңдеу өнеркәсібінде - 19,6%, кен өндіру өнеркәсібінде 14,1%-ға жоғарылады. Өндірілген өнім - 16,8%, өндірістік сипаттағы қызметтер 3,6%-ға қымбаттады.

Өткен жылда өндіруші кәсіпорындар бағасы мазутқа - 36,6%, дизель отынына - 35,3%, сұйытылған пропан және бутанға - 29%, табиғи газға - 27%, металл кендеріне - 16,3%, мұнайға - 15%, бензинге - 13,7%, көмірге 1,4%-ға жоғарылады.

Бағаның ферроқорытпаларға - 54,4%, қорғасынға - 51,9%, қара металдар илегіне - 39,8%, асыл металдарға - 30,1%, мысқа - 24,3%, алюминийге 19,6%-ға жоғарылауы тіркелді.

Бағаның жармаларға - 37,6%, құс етіне - 24,9%, қара бидай ұнына - 20%, бидай ұнына - 9,4%, қантқа - 19,1%, шайға - 15,3%, өсімдік майына - 15,2%, сүт өнімдеріне - 12,8%, мал етіне - 10,8%, нанға - 10,4%, балыққа - 7,2%, макарон өнімдеріне 4,9%-ға жоғарылауы байқалды.