09 там, 2016 сағат 21:20

2016 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

 

"Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.

Биыл жалпы 31 мың 702 грант бөлініпті. Оның 2950 орны жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне білім алуға, 28 752 гранттың бірінші курсқа қабылдауға бөлінген (күндізгі оқу - 28 452, сырттай оқу - 300 грант). Техникалық және технологиялық мамандықтарға 12 593 грант бөлінген, педагогикалық мамандықтарға шамамен 5 мың грант бөлінген, ауыл шаруашылығы және мал дәрігерлік мамандықтарына шамамен 2 690 грант, медициналық мамандықтарға 3 мың грант бөлінген. 

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімімен танысу үшін 100816granty.pdf (pdf файлы) мына сілтеме бойынша өтесіз. Ол ыңғайсыз болса, өзге де нұсқасын (ultkz.docx (Microsoft Word) ұсынып отырмыз.

Білім гранттарын үлестіру конкурсына жалпы 59 677 адам қатысты. Олардың 47 342-сі қазақ тілінде білім алатындар, ал 12 335-і орыс тілінде білім алатындар. Студенттерді "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" жобасының аясында квота бойынша конкурсқа 9 797 адам қатысты.

Конкурсқа қатысушылардың ішінде 2208 түлек "Алтын белгі" иегері, 303-і колледж түлегі, ал жалпы білім беру пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарының саны - 169, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарының саны - 854, республикалық және халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздарының саны - 948, Президент олимпиадаларының 9 жеңімпазы бар.