#
#
Жұма 23/08/2019

1917 жылы қазақ даласында 72 млн бас мал болған - Жұмаділдин

  • 31.05.2019
  • 0
  • 5660

«Қазақтану» зерттеу институтының директоры Бақтыбай Жұмаділдин большевиктер билікке келгенге дейін қазақ даласында 100 млн бас мал болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық музейде өткен «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты тарихи-танымдық дөңгелек үстел барысында тарихшылар саяси сүргіннің қазақты аттан түсіріп, малын құртудан басталғанын айтты.

«Кейбір деректерде ХХ ғасырдың басында қазақ даласында 100 млн бас мал болғанын айтады. Осының соңына түсіп, зерттеп жатқан ешкім жоқ. Ал 1917 жылғы санақта қазақтардың қолында 72 млн бас мал болған. 1928 жылы ол 40 млн басқа түсті. Одан кейінгі 3 жылда әлгі 40 млн малдан 4,5 млн бас қалды», дейді тарихшы журналист.

Қазақтанушы ғалым оқушыларға «бай» деген ұғымның мәні мүлде бұрмаланып кеткенін де айтты.

«Бай» деген сөздің түпкі мағынасы «ер», «қолынан іс келетін азамат» дегенді білдіреді. Түріктердің мырзаны «бей» дейтіні соған дәлел. Осындай аяулы ұғымды большевиктер санамызға тап ретінде таңып, «қанаушы» деген мән үстеп жіберді. Сол байларды қудалап, құрту арқылы қазақты бассыз қалдырды», - деді тарихшы.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар