#
#
Бейсенбі 19/09/2019

14-15 маусым күндері полиция басшыларына тікелей жүгінуге болады

  • 13.06.2019
  • 0
  • 468

14 және 15 маусым күндері қазақстандықтар алдын ала жазылмай-ақ, полиция басшыларына жүгіне алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Республика бойынша «Жол үстіндегі қабылдау» науқанының кезекті бөлігі өтеді.

Полиция департаменттерінің басшылары, әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметтерінің басшылары адам көп жиналатын орындарда арнайы қабылдау орнын ашады және тұрғындарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді.

Аталған шаралардың өтетін орны мен байланыс нөмірлерін ҚР ІІМ ресми порталынан анықтауға болады.

Анықтама үшін 71-58-03, 71-52-08, 71-52-31, 71-46-39 нөмірлеріне хабарласқан жөн.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР