13 мау, 2018 сағат 08:18

13 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды; жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте шаңды дауыл соғып, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с-ға жетеді.

Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз дауыл, шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-22 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында, Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.