#
#
Сейсенбі 20/08/2019

Ақтөбеде алып бүркіттің мүсіні орнатылды

  • 07.06.2019
  • 0
  • 597

Бүркіт ескерткішінің биіктігі - 3 метр, қанатын жайғанда ені - 7 метр болады. Бұл мүсінді жасауға 1999 жылғы мектеп түлектері қаржы бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құдайберген Жұбанов ауылдық округінің мектебін бітірген түлектер туған ауылына алып бүркіт ескерткішін сыйлады. Ауыл халқы да көмектесіп, нысанды туризмді дамытудың бір көзіне айналдыруды мақсат етіп отыр.

«Бұған дейін де ауылда бүркіттің ескерткіші болды. 80-жылдары орнатылған мүсін шөгіп, қанаты қайырылып, үгітіле бастағанда қайта жаңартылған, бірақ бұзылып қалды. Суретші Мұрат Нәбиевке ұсыныс беріп, қайта қалпына келтіру ұсынысын айтқан едім, бірақ мүсін жарамсыз болды. Жыл басында 1999 жылғы мектеп түлектері ауыл әкімдігіне хабарласып, «Туған жерге тағзым» акциясымен көмек беретіндерін айтты. Осы идеяны ұсынған кезде бірден қолдады. Арматура, металл торлар мен цементті түлектер алып берді. Тұғырын дайындау, бүркіттің мүсінін жеткізу жұмыстарына ауыл тұрғындары көмектесті. Ал аудан әкімдігі бүркітті орнатуға кран берді», - дейді Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округтің әкімі Камшат Ермағамбетов.

Бүркіт мүсінінің биіктігі - 3 метр, тұғырымен ескерткіш 4 метр болды. Ал қанатын жайған құстың ені 7 метрге жетеді. Ескерткіштің жалпы салмағы - 5 тонна.

«Ауылда Орқаш табиғи қорығы бар. Туризмді дамытуға ыңғайлы орманда жыртқыш құстың 9 түрі бар. Олар: қара кезқұйрық, кәдімгі тілеміш, жамансары, дала қыраны, бетқайнар, саз құладыны, шалғын құладыны және кәдімгі күйкентай. Қорық Ор, Жем және Темір өзендері аудандарында орналасқан. Қызыл кітапқа енгізілген теңгежапырақ шықшөбі бар. Сондықтан, бүркіт ауылдың символына айналып, 10 шақырым қашықтыққа ескерткіш орнатылды. Таяуда республикалық аңшылар мен балықшылар, саятшылардың симпозиумы өтті. Сол үрдісті жалғастырып, экотуризммен киіз үй орнатып, саумал тур, жаяу жүру туры секілді бірнеше бағытты қамтығымыз келеді. Кәсіпкерлердің қызығушылығы артып келеді», - дейді округ әкімі Камшат Ермағамбетов.


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар