#
#
Жұма 06/12/2019

112 мың жамбылдық бір мезетте латын әліпбиінде диктант жазды

  • 12.09.2019
  • 0
  • 876

Жамбыл облысы бойынша латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінде жалпыхалықтық диктант жазу акциясына 112 мыңнан аса адам қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен акция «Жаңа қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың бастауы» тақырыбына негізделді. Шара латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, халықты бейімдеу мақсатында ұйымдастырылды.

Акцияға барлығы он аудан мен Тараз қаласынан 112 мыңнан астам адам қатысты. Олардың қатарында Тараз қаласы және аудандардың мемлекеттік қызметкерлері, мәдениет денсаулық сақтау, байланыс, қаржы, құқық қорғау, спорт, құрылыс, көлік, төтенше жағдай және тағы басқа салалардың, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері, жоғары, арнаулы орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, 15 жастан асқан мектеп оқушылары бар. Қатысушылар бір мезетте белгіленген тақырып аясында диктант жазды.

«Қатысушылар халықпен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлер болғандықтан латын қарпін олардың бірінші кезекте меңгеруі маңызды. Ұйымдастырушылар, латынша диктант жазуға келгендер заман талабына сай білімді болу керек деп ойлаймын. Бұл өзіміздің бастамамыздан туындаған облыстық шара», - дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Медет Атен.

Айта кетейік, жалпыхалықтық барлық аудандар мен облыс орталығында бір мезетте өткізілді. Алдағы уақытта акция жалғасын табатын болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар