09 қыр, 2019 сағат 14:34

110 мыңнан астам қазақстандық өсімпұлдан құтылды

110 мыңнан астам жеке тұлға 700 млн теңге өсімпұлдан құтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2019 жылдың 5 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, 114 849 жеке тұлғаның 688,3 млн теңге өсімпұлы шығынға жазылды. Олар жыл басынан бері 2,9 млрд теңге көлеміндегі негізгі қарыздарын төлеген. Толықтай алғанда, рақымшылықтың шамамен 1,4 млн адамға қатысы бар. Егер олар 13,9 млрд теңге сомасындағы негізгі қарыздарын өтеген жағдайда 6,3 млрд теңге сомасындағы өсімпұл шығынға жазылады», - делінген ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, комитеттің барлық аумақтық бөлімшелеріне осы жылдың 13-14 тамыз күндері өсімпұлдарды шығынға жазу жөніндегі комиссия құру туралы бұйрық берілген.