02 шіл, 2017 сағат 07:28

100 жаңа есімді «SarapTime» сараптады

«SarapTime»  сарапшылары дөңгелек үстелде бас қосты. Жиынның мақсаты - «Қазақстанның 100 жаңа есімі» Рухани жаңғыру мелмекеттік бағдарламасы аясында іске асатын ауқымды жобаның жүргізілу ретін талқылау. «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» қойылатын талаптарды анықтап, лайықтыларды даралады. Сонымен қатар, байқаудың мақсаты мен бағыт-бағдары да талқыға түсті. Бұл туралы Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінде хабарланды.

Сарапшылар клубына «Қазконтент» АҚ басшысы Евгений Кочетов, «Бюро 100» бастамашыл топтың мүшесі Махаббат Есен, «Қоғамдық келісім» баспасөз жетекшісі Қымбат Досжан және елімізге белгілі ақын, журналистер  қатысты. Жиын барысында «100esim.el.kz» сайты өз жұмысын бастаханы туралы хабарланды. Онлайн тіркелу шарттары бойынша әр адам өзі туралы қысқа ақпараты сайтқа жүктей алады. Бүгінге дейін түрлі мамандық иелерінен 1000-нан астам өтінім қабылданған.

– «Бюро 100» бастамашылар тобының мүшесі Махаббат Есен бір ай бойы әлеуметтік желі қолданушыларының ұсынған кандидаттарын тізімге алып, жұмыс істеп жүргені туралы мәлімдеді. «Қоғамға пайдасы тиіп жүрген адамдарды іздеп тауып елдің назарына ұсынуды азаматтық борышым деп санаймын. Бұл байқау әділ болатынына сенемін. Еңбегі еленбей, тасада қалып жүрген адамдарға көрінентін уақыт келді деп ойлаймын, – деді Махаббат Есен.  Ол «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына Ақмола облысының тұрғыны Анатолия Добровольцев есімді омарташының өмірін үлгі тұтуға болатынын айтып, ауылда бал өндірісін жолға қойған табысты адамды мысалға келтірді.