09 шіл, 2017 сағат 08:06

100 жаңа есім: үздіктер таңдауы

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаңа жобаны бастады. Оның басты мақсаты – жетістіктерінің тарихы шабыттандыратын, еліміздің талантты, еңбексүйгіш және данагөй адамдары туралы айту.

Президент жұртшылықтың назарын Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі біздің замандастарымызға аудару және жаңа мультимедиалық алаң құруды ұсынды, соның арқасында әр адам жетістік тарихымен таныса алады. Жоба бірнеше кезеңнен тұратын болады. Біріншісі басталып кетті. Кез келген ниет білдірген адам қатыса алады. Өтінім нысаны 100esim.el.kz сайтында.

ИнЕУ-де осы жобаның бір бөлігі болуға лайықты адамдар көп. Оқытушылар арасында Қазақстанда және одан тысқары жерлерде белгілі профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер бар. Олар – әрдайым білімін жетілдіріп тұратын өз ісінің шеберлері. Студенттер қатарында әйгілі спортшылар – халықаралық жарыстардың жеңімпаздары, университетіміздің бизнес-акселераторынан стартаперлер, көптеген ғылыми конференциялардың жүлдегерлері.

Біздің оқытушыларымыз ешқашан қол жеткізгенімен тоқтап қалмайды, ал студенттер оқуларын спорттық, ғылыми және шығармашылық қызметпен қатар алып жүруге үлгереді. Әркімнің өз тарихы бар, оның әрқайсысы Қазақстандағы «100 жаңа есім» қатарында бола алады.

Егер сіздің оқытушыңызға курстасыңыз немесе әріптесіңіздің өмірлік жолы мен жетістіктері сізді жігерлендіретін болса не өзіңіз сондай адам болсаңыз, онда бүкіл елмен өзіңіз жайлы әңгімемен бөлісуге асығыңыз! Қатысудың басты шарты – бұл тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан нақты үлес. 

Ольга Ширшина

Инновациялық Еуразия Университеті