28 қар, 2018 сағат 07:39

Жедел жәрдем кешігіп жатқанда не істеу керек? (инфографика)

Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны аяқталды. Арнайы кампания кезінде тіркеліп үлгермеген азаматтар не істейді? Олардың емхана ауыстыруға мүмкіндігі бар ма?

«Науқан аяқталды. Бірақ бұл бұдан былай емхана ауыстыруға мүмкіндік жоқ деген сөз емес. Әр азаматтың жылына бір рет емхана ауыстыруға хақысы бар. Оған қоса, тағы да бірқатар жағдайларда басқа емханаға ауысуға болады. Мәселен, басқа жерге қоныс аударғанда, бұрынғы емханасы жабылып қалса немесе қызмет көрсетуді тоқтатса, қайта ұйымдастырылса, Медициналық сақтандыру қорымен келісімшартты тоқтатса немесе белгілі бір себептермен контрактіден айырылып қалса, ерікті медициналық сақтандыру полисін сатып алса, жақын маңда жаңа емхана салынса, тұрғылықты жері бойынша емханаға автоматты түрде тіркеп тастаған арнайы комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда басқа емханаға ауысуға болады», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Забира Оразалиева.

Ендеше, емхана таңдағанда нені ескерген жөн? Неліктен емхана үйге жақын маңда болуы керек дейміз? Жедел жәрдем қандай жағдайларда келеді? Көмек кешігіп жатса не істеу керек? Оның себебі неде? Сұрақ көп. Қарапайым халық бірінің жауабын білсе, екіншісінен бейхабар. Сондықтан біз азаматтарға медицинаға қатысты құқықтарын қарапайым тілмен түсіндіріп, маңызды деген сұрақтардың жауаптарын дайындадық. Мынау – соның алғашқысы.