22 жел, 2016 сағат 14:31

«Самұрық-Қазына» Қазақстанға 10 млрд доллардан астам инвестиция тартуды жоспарлап отыр

«Самұрық-Қазына» қоры 2025 жылға қарай химия өнеркәсібі жобаларына 10 млрд доллардан астам қаражат тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы компанияның мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы жоспарларымен бөлісті. Бұл жобалармен қордың еншілес компаниясы «Біріккен химиялық компания» ЖШС айналысады.

«Осылайша өзінің 1 доллар қаражатына компания (БХК – ред. еске.) серіктестерінің 1 доллар тікелей инвестицияларын және борыштық қаржыландыру арқылы 4,6 доллар тартады. Нәтижесінде, 2025 жылы тартылған инвестиция көлемі шамамен 10,6 млрд доллар құрайтын болады», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні БХК екі кластердің құрылысына шоғырланған: Атырау облысында органикалық химия және Жамбыл облысында бейорганикалық химия. Кластерлерді дамытудың негізі - инфрақұрылым қалыптастыру болып табылады, оның ішіне «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясы да жатады.

«Атырау мұнай-химия кластері базалық өнімдері: полипропилен, полиэтилен шығарып, көмірсутекті шикізаттарды терең өңдеуді көздейді. Жобалардың жалпы құны 10 млрд долларға дейін бағаланады. Біз жобаны тиімді басқаруды қамтамасыз ете алатын, тең инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс атқарудамыз», - деді қор басшысы.

Жамбыл химиялық паркінде қазіргі уақытта инфрақұрылым нысандарының құрылысын аяқталуда. Сондай-ақ, осында импортты алмастыруға бағытталған жоғары қосымша құны бар өндірістерді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.

«2016 жылдың мамыр айынан бастап глифосат, гербицидтер және хлор-сілтілі өнімдерін өндіру бойынша аграрлық-химиялық кешенінің құрылысы басталды, ол өнімнің екі түрі ТМД елдерінде өндірілмейді. Глифосат өндіру 2018 жылы іске қосылады. Ол уақытқа дейін каустикалық сода өндірісін іске қосу көзделуде», - деп сөзін жалғады Өмірзақ Шөкеев.

Ұлт порталы