#
#
Сенбі 15/12/2018

ҚР Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

  • 13.03.2018
  • 0
  • 849

ҚР Үкіметінің қаулысымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов уақытша, Эльмира Амангелдіқызы Суханбердиеваның бала күтіміне байланысты демалысқа шығуы кезеңінде ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.

Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

1999 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2000 жылы — «Қайнар» университетін, 2010 жылы — ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Экономист, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, мемлекеттік және жергілікті басқару бағыты бойынша доктор (PhD) біліктілігіне ие. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлейді.

Еңбек жолын 1997 жылы Жамбыл облысының Тараз қаласындағы «Алма» АҚ-да бастаған, Жамбыл облысы Әділет басқармасында, Қаржы министрлігінде, Білім және ғылым министрлігінде, Жоғарғы Кеңесте, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде, ҚР Есеп комитетінде түрлі лауазымдарды атқарған.

Тағайындалғанға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар