28 мау, 2019 сағат 13:40

ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Есин Данияр Нұрашұлы Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Ұлт ақпарат ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында туған. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Түрлі жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарында болды. 2016-2018 жылдары - Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы. 2018 жылдың наурыз айынан Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарады.