02 қыр, 2017 сағат 20:34

Қайрат Ералиев Әлем чемпионы атанды (видео)

Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында 56 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қайрат Ералиев әлем чемпионы атанды.

Жерлесіміз америкалық Дюк Роганды 3:2 есебімен жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлдені сыйлады.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан құрамасының қоржынына үш қола жүлде түскен болатын. Олар Жомарт Ержан (49 келі), Василий Левит (81 келі) және Абылайхан Жүсіпов (69 келі).