#
#
Сейсенбі 23/10/2018

Энергетика министрлігі көпшілікті алаңдатқан көмір мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

  • 01.02.2018
  • 0
  • 3223

Жиелеп кеткен қауесеттер мен әлеуметтік желілердегі әртүрлі ақпараттарға байланысты ҚР Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады.

"Елімізде халықты көмірмен қамтамасыз етуге қатысты жағдай тұрақты. Қазақстанның бірде-бір өңірінде қатты отынға тапшылық жоқ, ешқандай дүрлікпе байқалмайды. Тұйықтардағы үлкен кезектер және жүк машиналарының таласуы жөніндегі таратылып жатқан видеолар фейк және қазіргі уақыттағы жағдайға сәйкес келмейді. Сонымен қатар ҚР Энергетика министрлігі облыс әкімдіктерімен және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ-мен бірлесіп өңірлерге көмірді жеткізуге тәулік сайынғы мониторинг жүргізуде, бұл мәселе тұрақты бақылауда", - дейді министрлік өкілдері.

2017 жылы елімізде 106,7 млн. тонна көмір өндірілді, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 8,2 млн. тоннаға артық, экспортқа 29,3 млн. тонна көмір шығарылды. Қалған көмір ішкі қажеттілікке жұмсалды. Осы орайда Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдарына 56,3 млн. тонна, яғни 2016 жылмен салыстырғанда 7,1 млн. тоннаға артық көмір берілді.

Жедел деректерге сәйкес 30 қаңтарға дейінгі мерзімде өндірілген көмір көлемі 8,6 млн. тоннаны құрады.

Тұтынушыларға коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке 763,8 мың.тонна көмір жіберілді, яғни алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72%.

«Қазақстан Темір Жолы» АҚ мәліметіне сәйкес 2018 жылдың 30 қаңтарына дейінгі мерзімде темір жол көлігімен коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа 457,2 мың тонна көмір жөнелтілді. Автокөлікпен 300 мың тонна көмір түсірілді.

2018 жылғы 30 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР Энергетика министрлігінің жедел мәліметтеріне сәйкес көмірдің қоры мен жеткізілуі облыстар бойынша төменде берілген:

Ақмола облысы – 85,9 мың тонна; Астана қ. – 17,2 мың тонна; Ақтөбе облысы – 2,1 мың тонна; Алматы облысы – 77,4 мың тонна; Алматы қ. – 6,8 мың тонна; Шығыс Қазақстан облысы – 114,7 мың тонна; Жамбыл облысы – 8,9 мың тонна; Қарағанды облысы – 53,0 мың тонна; Қостанай облысы – 24,3 мың тонна; Павлодар облысы – 9,8 мың тонна.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар