14 ақп, 2020 сағат 06:42

«Барыстың» «ЦСКА»-ны жеңгеннен кейін ҚХЛ кестесіндегі орны қандай?

Астаналық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасында мәскеулік ЦСКА-ны 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ойын кезінде Сергей Толчинский (13-ші минутта) және Клас Дальбек (49-шы) сынды алаң қожайындары ерекше көзге түссе, біздің спортшыларымыздан Корбэн Найт (19-шы), Линус Виделль (36-шы) және Даррен Диц (53-шы) қақпаны дәл көздеді.

Осылайша, «Барыстың» жалпы ұпайы 77-ге жетіп, Шығыс конференциясында үшінші орынға жайғасты. Бірінші және екінші орында сәйкесінше омскілік «Авангард» пен Қазанның «Ақ барысы». Чернышев дивизионында Андрей Скабелканың ойыншылары «Авангардтан» кейінгі екінші орында тұр.

Енді, 15 ақпан күні «Барыс» Нұр-Сұлтанда «Сочиді» қабылдайды.