13 шіл, 2018 сағат 13:20

Аружан Сайын «тиін орнатқанша ауру балаларға көмектесіңдер» деп ашынды

Алматыдағы тиіннің айналасындағы дау әлі де тыйылар емес. Бұл жолы «ДОМ» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Аружан Сайын «Атакент» маңында орналасқан нысанға қатысты өз пікірін білдірді. Қоғам белсендісі "тиінге кеткен ақшаны балалардың денсаулығына жұмсамай ма" деп ашынды.

«Жұрт жол салуға, басқаға ақша сұраса, біз балалар үшін қаражат бөлуін өтінеміз. 2 жыл болды жетім, ауру балаларға деп ақша сұрап келе жатқанымызға. Бізге жоқтан бөтенді айтпайды. Алматыда муковисцидоз дертімен ауыратын 16 бала бар. 23 миллион теңгеге 21 бала емделіп шығар еді», - дейді Аружан Сайын.

Айта кетейік, тиінді жасауға 23 миллион теңге қаражат жұмсалған. Оның 15 миллионын мемлекет, ал қалған 8 миллионды Funk төлеген. Мүсіннің биіктігі 12 метр. Туындыны салған авторлардың ішінде Оңтүстік Африкадан келген Мариус Янсен Ван Вуурен бар.

sn.kz