27 мам, 2020 сағат 13:00

Алматыда 150 коронавирус ошағы бар

Бүгінде мегаполисте 150 коронавирус ошағы бар. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Індет ошақтарына келер болсақ, коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелген уақытта 613 ошақ болды, 463 ошақтан шектеу шаралары алынып тасталды, енді бүгінде 150 ошақ бар. Алатау ауданында – 59, Медеу ауданында –24, Бостандық ауданында –25, міне, осы үш ауданда көп болып тұр», - деді Алматы әкімі брифинг барысында.

Бұған дейін, әкім ҰҚК Шекара қызметі Академиясының коронавирус жұқтырған курсанттары туралы айтқан болатын.