#
#
Сейсенбі 25/02/2020

Ақтөбеде зейнетақы төлемін аудармаған компанияға айыппұл салынды

  • 20.01.2020
  • 0
  • 206

Ақтөбеде «БШПУ-Қазақстан» ЖШС-і алты ай бойы 380 жұмысшысына міндетті зейнетақы төлемін аудармағаны үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақтөбеде пиротехника өнімдері заңсыз сатылып келген Хромтау аудандық прокуратурасы «БШПУ-Қазақстан» ЖШС-де еңбек заңнамасының сақталуын тексерді. Тексеру кезінде 380 жұмысшыға міндетті зейнетақы аударымдары уақытылы төленбегені анықталды. Мәселен, Т. Ақеділоваға 6 ай бойы 450 мың теңгеден астам зейнетақы аударымы жасалмаған.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңнамасы бұзылған. Заңбұзушылықтарды жою және қолданыстағы заңнама талаптарын тиісінше орындау мақсатында прокурорлық қадағалау актісі толтырылды. Серіктестік жұмысшыларына 90 миллион теңгеден астам зейнетақы жарналарын төледі. Сонымен қатар, Ақтөбе облысының мемлекеттік кірістер басқармасы серіктестікке қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 91-бабының 7-ші бөлігі бойынша 26,5 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұл толық көлемде төленді», - делінген хабарламада.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар