25 мау, 2019 сағат 14:50

Ақтөбе мешіттері Арыстағы жағдайға асар ұйымдастырып жатыр

Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде арнайы штаб құрылды, – деп хабарлайды аktobenews.kz. Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты облыстық мешітте штаб құрылып қызу жұмысқа кірісті.

«Жарылыстан зардап шеккен ағайынға көмек қолын созу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Ақтөбе өңіріндегі барша мешіт жамағатын қайырымдылық ісіне белсенді түрде атсалысуға шақырамыз. Облыстағы мешіт қызметкерлері бір күндік еңбекақысын арыстық бауырларымызға көмекке аударуға шешім қабылдады. Сонымен қатар, барлық жерлестеріміз де азық-түлікпен және қаржылай көмек көрсете алады», - дейді «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі.

Ақшалай қаражатты «Каспий голд» есеп-шотына аударуға болады:

5169 4931 0673 1295.

ИИН: 6601 2140 2077.

«Ақтөбе асары» тобымен байланыс телефондары:

8 778 178 1475 («Зекет қоры»)